«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
5-қосымша

"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiмен өтiнiштердi қабылдау және көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 60 (алпыс) минуттан аспайды;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — фтизиатр дәрiгер қол қойған, жеке дәрiгерлiк мөрмен және көрсетiлген қызметтi берушiнiң мөрiмен осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетудi тiркеу журналында анықтаманы тiркей отырып, расталған осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрiндегi туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тiркелiмi" деректер базасында тексеруден кейiн берiледi.

Анықтаманың жарамдылық мерзiмi — күнтiзбелiк 10 күн.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 35-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету құнын көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсына немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу көрсетiлген қызметтi берушiнiң кассасына қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргiзiледi.

Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында үзiлiссiз сағат 8.00-ден бастап 18.00-ге дейiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыларды қабылдау кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға соңғы сұраныс көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн 30 (отыз) минут бұрын қабылданады (жұмыс күндерi 17.30-ға дейiн).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн — туу туралы куәлiк);

2) соңғы 12 айдың iшiнде орындалған рентгенологтың қорытындысымен қоса, ал медициналық ұйымдарға, балалар мектепке дейiнгi және мектеп ұйымдарына жұмысқа орналасатын адамдар үшiн — 1 айдан кешiктiрмей рентген немесе флюорографиялық түсiрiмдер.

9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда негiзi болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына берiледi.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанында немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымымен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде немесе қызмет берушiнiң үй-жайларында орналастырылған.

13. Көрсетiлген қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 17 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 15:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 11:44