«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
6-қосымша

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғам;

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды көрсетiлетiн қызмет берушiге тапсырған сәттен бастап — 3 (үш) сағат;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтiң алушыға қызмет көрсетудiң етiлген ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты — 2 (екi) сағаттан аспайды;

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны — электрондық және (немесе) қағаз.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi:

ХҚО-да — диспансерлiк есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында — диспансерлiк есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.

Психиатр-дәрiгер мен медициналық тiркеушi қол қойған және анықтаманы берген дәрiгердiң және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен расталған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсетудi тiркеу журналында анықтаманы тiркей отырып, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама берiледi. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 35-бабына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету құнын көрсетiлетiн қызметтi алушы айқындайды және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында не қызмет берушiнiң үй-жайларында орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетiлетiн қызмет берушiнiң шотына қолма-қол немесе ақшасыз аудару нысанында жүргiзiледi.

Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Жұмыс кестесi:

1) ХҚО-ның — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбiден бастап сенбi күнiн қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз;

2) Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбiден бастап жұмаға дейiн сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз.

Құжаттарды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркеу орны бойынша және кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетiлген қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге және ХҚО-ға:

 — жеке басын сәйкестендiру үшiн жеке басты куәландыратын құжат;

 — заңды өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшiн);

 — қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабiлетсiздiк деп сотпен танылған тұлға үшiн).

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден алады.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына берiледi.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе министрлiктiң қызмет беру кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағым қабылдаған тұлғаның тегi, аты және аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және Министрлiктiң қызмет беру кеңсесiнде оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс номерi және күнi) болып табылады. Шағымдар тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шара қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, министрлiктiң мекенжайына келiп түскен қызметтi алушының шағымдары тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почталық байланыс арқылы жiберiледi не Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда, қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде немесе қызмет берушiнiң үй-жайларында орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығының алыс жердегi рұқсаты режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алуға мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары министрлiктiң www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-77-77, (1414).

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 17 Kb) 

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 14:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 11:34