«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 219 бұйрығына
6-қосымша

"Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 27.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мынадай баламалы негiзде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға — "АХАЖ" Тiркеу пунктi ақпараттық жүйесiнде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде –7 (жетi) жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 20 (жиырма) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезiнде азаматтық хал актiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк не осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша және жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы/тегiн көрсетiледi.

Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiруге байланысты куәлiктер берiлгенi үшiн 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк баж сомасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 537-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық түрде маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттарды берген орны бойынша есепке алынады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар — тууы туралы куәлiктерi тiркелгенi және қайта берiлгенi үшiн;

2) жеке тұлғалар — азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтiрiлген және өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мемлекеттiк баж мөлшерi мен төленген күнiн растайтын төлем құжатын беретiн банк мекемелерi арқылы төленедi.

Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Еңбек заңнамасына сәйкес және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "электрондық" кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның уәкiлеттi өкiлi жүгiнген кезде азаматтық хал актiсi жазбасын қалпына келтiру үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарында актi жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актiлерiн жазу мұрағатының анықтамасы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетiлген өмiрбаян;

5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi не Еңбек кодексiне сәйкес еңбек қызметiн растайтын басқа құжат, егер көрсетiлетiн қызметтi алушы студент болса — оқу орнынан туған күнi мен жерi көрсетiлген анықтама (бар болса);

6) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы әскери мiндеттi болса, әскери билеттiң көшiрмесi (бар болса);

7) көрсетiлетiн қызметтi алушының 3*4 см. мөлшердегi екi фотосуретi;

8) мемлекеттiк бажды бюджетке төлегенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжат.

Қосымша мынадай құжаттардың көшiрмелерi ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген азаматтық хал актiлерi жазбаларын мемлекеттiк тiркеу жағдайларынан басқа):

9) егер некеде (ерлi-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;

11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;

12) ата-анасының неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (бар болса);

13) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат;

14) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлiгiнiң көшiрмесi ұсынылады.

Заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот шешiмi негiзiнде акт жазбасын қалпына келтiру туралы өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгi (жеке басын сәйкестендiру үшiн);

3) мемлекеттiк тiркеу орны мен уақыты көрсетiлген актiлiк жазбаны қалпына келтiру туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi.

Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшiп келгенi туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтiнiшхаттары туралы iшкi iстер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады.

Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiруге қажеттi мәлiметтердi растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, бiлiмi туралы құжаттар, мемлекеттiк мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер туралы мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн тексередi, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген кезде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерiнде қағаз түрiнде құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияда: сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берiлген күнi, уақыты және орны, құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылатын деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, "Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзу, қалпына келтiру, күшiн жою тәртiбi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10764 болып тiркелдi) талаптарына сәйкес келмеуi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн келiсiмi туралы сұрау салуға берiлген терiс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң не тексерудiң терiс қорытындысы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың

лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе)

олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету

мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)

шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысының атына берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектiге әрекеттiң жасалғаны не тиiстi лауазымды адамның немесе субъектiнiң шешiм қабылдағаны туралы жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi болған кезден бастап үш айдан кешiктiрiлмей берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектiнiң немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмнiң өтуiнiң себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға, Министрлiкке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оның тiркелуi (тiркеу мөртабаны, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда

және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң

ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Тұрмыс–тiршiлiгiн шектейтiн кемiстiгiне байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттiк корпорация қызметкерi 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiну жолымен мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттiк қызмет берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Әдiлет министрiнiң 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

"Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Мақалың шыққан күні: 03.07.2015 11:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 09:49