«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
12-қосымша

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 28.12.2015 № 1046 (алғашқы ресми жариялаған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм берудi тiркеу туралы анықтама не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм берудi тiркеуден бас тарту туралы анықтама;

2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiмдi қайтарып алуды тiркеу туралы анықтама.

7. Жеке тұлғаларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн үзiлiссiз сенбi күнi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес өтiнiш.

9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;

3) қарсы көрсетiлiмдерiнiң болуы (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттерi, психикалық және мiнез-құлықтық бұзылулар, наркологиялық бұзылулар, жыныстық жолымен берiлетiн инфекциялық аурулар) негiзi болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайға не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5-кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны белгiлеу және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметi көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы заңнамамен белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында мүмкiндiгi шектелген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар (пандустар мен лифтер) көзделген.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет" бөлiмiнде, сондай -ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 19 Kb)

Мақалың шыққан күні: 05.08.2016 10:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 10:46