«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму Министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
4-қосымша

"АИТВ-инфекциясының болуына ерiктi анонимдi және мiндеттi құпия медициналық тексерiлу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "АИТВ-инфекциясының болуына ерiктi анонимдi және мiндеттi құпия медициналық тексерiлу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн беру қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәтiнен бастап — зерттеп-қараудың терiс нәтижесiнде — 3 (үш) жұмыс күнi; зерттеп-қараудың оң нәтижесiнде — 20 (жиырма) жұмыс күнi;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 60 (алпыс) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — "АИТВ инфекциясы мәселелерi бойынша тегiн негiзде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерiктi түрде анонимдiк және (немесе) құпия медициналық зерттелiп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 сәуiрдегi № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 11145 болып тiркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелердi зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Анықтама оны берген сәтiнен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесi терiс болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлген қызметтi алушының қолына берiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегiн көрсетiледi, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 35-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және мемлекеттiк қызметтердiң осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармақшасындағы көрсетiлген қызметтi берушiнiң интернет-ресурсына орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетiлген қызметтi берушiнiң кассасына қолма-қол есеп айырысумен жүргiзiледi.

8. Көрсетiлген қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармақшасында көрсетiлген.

Қабылдау кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетiп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттарды:

АИТВ-инфекциясының болуына мiндеттi медициналық зерттеп-қарау қызметiн алу кезiнде — жеке басын куәландыратын құжаты

АИТВ-инфекциясының болуына анонимдi медициналық зерттеп-қарау қызметiн алу кезiнде құжаттар талап етiлмейдi, тұтынушыға жеке код берiледi.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына немесе Министрлiкке берiледi:

010000, Астана қ., Орынбор к-сi, 8, Министрлер үйi, кiреберiс № 5

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауапты алу мерзiмi мен орны (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып тiркеу, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңесiнде шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны белгiлеу және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымымен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және жұмыс кестелерi Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде немесе қызмет көрсетушiнiң үй-жайларында орналасқан.

13. Көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы қашықтықтағы қолжетiмдiлiк режiмiнде бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттарды алуға мүмкiндiгi бар.

Порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, (1414).

"АИТВ-инфекциясының болуына ерiктi анонимдi және мiндеттi құпия медициналық тексерiлу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 10:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 09:45