«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
18-қосымша

"Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды берген сәттен бастап — 1 жұмыс күнi iшiнде;

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттардың пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 5 минутқа дейiн;

көрсетiлген қызметтi берушiге қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 1 жұмыс күн iшiнде.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: "Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген № 083/е нысаны бойынша берiлген медициналық құжаттама.

7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң құнын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 35-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағына көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi берушiнiң интернет-ресурсына орналастырылады.

Төлем көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шотына қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргiзiледi.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.09.2019 № ҚР ДСМ-128 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс (жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — сенбi аралығында (дүйсенбi — жұма — үзiлiссiз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн);

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) тiкелей жүгiнген кезде сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ "Көлiк құралдарын басқару құқығын алуға үмiткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлiк құралдары жүргiзушiсiн қайта медициналық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8437 болып тiркелген) бекiтiлген Көлiк құралдарын басқару құқығын алуға үмiткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлiк құралдары жүргiзушiсiн қайта медициналық қарап тексеруден өткiзу қағидаларына (бұдан әрi-Қағидалар) сәйкес медициналық қарап-тексеру нәтижелерi.

2) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 27.09.2019 № ҚР ДСМ-128 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) нақты еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетiн және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда;

3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап — тексерудiң терiс нәтижесi негiзi болып табылады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, тiркеу, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оны шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселеларi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.

Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Алып тасталды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Алып тасталды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 24.05.2019 № ҚР ДСМ-86 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Мақалың шыққан күні: 11.01.2019 11:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.10.2019 13:43