«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
17-қосымша

"Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау субъектiлерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды берген сәттен бастап — 1 жұмыс күнi iшiнде ("Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қыркүйектегi № 761 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12204 болып тiркелген) бекiтiлген Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру қағидаларына (бұдан әрi — Қағидалар) сәйкес).

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мәлiметтердi тапсырудың ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 30 минут;

қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлген уақыты -1 жұмыс күн iшiнде (Қағидаларға сәйкес).

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген № 001-3/е нысаны бойынша берiлген cтационарға емдеуге жатқызу жолдамасы.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс (жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — сенбi аралығында (дүйсенбi — жұма — үзiлiссiз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн);

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

1) тiкелей жүгiнген кезде сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат;

2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы;

3) күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын нәтижелердiң жарамдылық мерзiмдерi мен зерттеулердiң нәтижелерi (қанның жалпы талдауы, несептiң жалпы талдауы, биохимиялық талдау, бактериялық себiндi) (Қағидаларға сәйкес).

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) нақты еместiгiн анықтауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк ел көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, тiркеу, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оны шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселеларi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.

Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14 Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық түрде алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлген қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 19 Kb)

Мақалың шыққан күні: 11.01.2019 11:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 11:06