«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
13-қосымша

"Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 11.05.2017 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

1. "Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметттiң стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi (тiкелей жүгiнген кезде) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 1 жұмыс күн iшiнде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексiнiң 68-бабына сәйкес);

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 1 жұмыс күн iшiнде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексiнiң 68-бабына сәйкес).

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бiрiншi басшысы қол қойған немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бiрiншi басшысының ЭЦҚ куәландырылған "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде болып тiркелген бекiтiлген № 086/е нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң медициналық анықтамасы (бұдан әрi — Анықтама).

Көрсетiлген қызметтi берушiнiң басшысы қол қойған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң осы стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей жүгiнген кезде дәрiгердiң бос уақытын, көрсетiлетiн қызметтi берушi дәрiгерлерiнiң кестесiне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулердi таңдау мүмкiндiгi ұсынылады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету құнын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 35-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайында орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шотына қолма қол ақшамен немесе қолма қол ақшасыз нысанда жүргiзiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13392 болып тiркелiнген) демалыс және мереке күндерiнен басқа, үзiлiссiз дүйсенбi — сенбi аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн.

9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке адамды сәйкестендiру үшiн қажет);

2) мемлекеттiк қызметтi көрсетiлген үшiн төлемдi растайтын құжат.

10. Мемлекеттiк қызметтiң стандартымен көзделген тiзбеге сәйкес толық емес құжаттардың пакетiн және (немесе) мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды қызмет алушы ұсынған жағдайда қызмет берушi өтiнiштi қабылдаудын бас тартады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының

мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне

(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк ел көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оны тiркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi. Көрсетiлiтiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.

Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шағымды өңдеуi барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mz.gov.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының интернет-ресурстарында сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдарың интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлген қызметтi алушының байланыс телефоны бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандарты (DOCX 18 Kb)

Мақалың шыққан күні: 03.08.2017 11:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 11:46