«Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
16-қосымша

"Жедел медициналық көмек көрсету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 07.12.2018 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жедел медициналық көмек көрсету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау субъектiлерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мәлiметтердi берген сәттен бастап — 1 жұмыс күнi iшiнде ("Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2017 жылғы 3 шiлдедегi № 450 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15473 болып тiркелген) бекiтiлген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына (бұдан әрi — Қағидалар) сәйкес).

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мәлiметтердi тапсырудың ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 5 минут;

қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлген уақыты -1 жұмыс күн iшiнде (Қағидаларға сәйкес).

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: жедел медициналық көмек көрсету (Қағидаларға сәйкес).

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну кезiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi мәлiметтер:

пациенттiң аты, тегi, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жасы мен жынысы; пациенттiң жай-күйi бойынша деректер және жазатайым оқиға жағдайы, жарақаты немесе ауруы;

пациенттiң мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ болатын жерiне бару бойынша болжамды деректерi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк ел көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оны тiркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

13. Көрсетiлген қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

"Жедел медициналық көмек көрсету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 14 Kb)

Мақалың шыққан күні: 11.01.2019 10:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 10:54