«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/327 қаулысымен
бекiтiлдi

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымдармен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы көрсетiледi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

1) тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шақыруларды тiркеу журналында жазылу және дәрiгердiң келетiн күнiн, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгiнген кезде — жеке кабинетiнде электрондық өтiнiм статусы түрiнде хабарлама.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2014 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 қаулысымен бекiтiлген «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Диспетчер дәрiгердiң қабылдауына алдын-ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы мен жынысы, пациенттiң жағдайы мен жазатайым уақиғасының немесе сырқаттануының мән-жайы туралы қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы мен телефоны. Дәрiгерлердiң қабылдау кестесiне сәйкес дәрiгердiң қабылдау күнiн, уақытын хабарлайды — 5 минут немесе Портал арқылы электронды жауап бередi — 29 минут. Нәтижесi — дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу және дәрiгердiң қабылдау уақытын, күнiн көрсету, жеке кабинетте электронды өтiнiм мәртебесi түрiнде хабарлама арқылы ауызша жауап беру.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi: диспетчер.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Диспетчер дәрiгердiң қабылдауына алдын-ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы мен жынысы, пациенттiң жағдайы мен жазатайым уақиғасының немесе сырқаттануының мән-жайы туралы қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы мен телефоны. Дәрiгерлердiң қабылдау кестесiне сәйкес дәрiгердiң қабылдау күнiн, уақытын хабарлайды — 5 минут, немесе портал арқылы электронды жауап — 29 минут.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау

8. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Портал арқылы көрсеткен кездегi өтiнiш бiлдiру тәртiбiн және мемлекеттiк қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушi рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталда өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушы компьютерiнiң интернет-браузерiнде (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) сақталады;

2) 1-процесс — ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн көрсетiлетiн қызметтi алушы компьютерiнiң интернет-браузерiнде тiркеу, мемлекеттiк қызмет алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда құпия сөздi (авторизациялау процесi) енгiзу процесi;

3) 1-шарт — Порталда жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) логинi және құпия сөз арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелгенi туралы деректердiң түпнұсқасын тексеру;

4) 2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

5) 3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды түрде қажеттi құжаттардың сұрау салу нысанына бекiту, оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып, нысандарды (мәлiметтердi енгiзу) толтыру;

6) 4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

7) 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгi қолданылуының мерзiмiн және керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтер арасында) сәйкестiлiгiн тексеру;

8) 5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрау салуын өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюзiндегi автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi — ЭҮШ) арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының расталған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) жолдау;

9)3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса ұсынылған Стандартта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi көрсетiлетiн қызметтi берушiмен тексеру;

10) 6-процесс — электронды құжатты тiркеу;

11) 7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

12) 8-процесс — Порталда құрастылған көрсетiлетiн қызметтi алушымен қызмет нәтижесiн (электронды құжат нысанындағы хабарлама) алуы.

Электронды құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы құрастырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi беру процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң қосымшасында көрсетiлген.

«Дәрiгердiң қабылдауына
жазылу» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтiң
регламентiне қосымша

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң
регламентiне 2-қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудiң диаграммасы

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудiң диаграммасы

қысқартылған сөздердiң толық жазылуы:

ЭҮП — электронды үкiмет порталы;

ЭҮП АЖ — электронды үкiмет порталының ақпараттық жүйесi;

ҚБ АЖО — қызмет берушiiнң атвматтандырылған жұмыс орны.

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 116 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 10:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2016 15:00