«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет регламенті

2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/327 қаулысымен
бекiтiлдi

«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе оның өкiлi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей немесе телефон байланысы арқылы өтiнiш берген кезде Ақмола облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдарымен (учаскелiк терапевт, учаскелiк педиатр, жалпы практика дәрiгерi) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi), сондай-ақ «электрондық үкiмет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы көрсетiледi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:

1) тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шақыруларды тiркеу журналында жазылу және дәрiгердiң келетiн күнiн, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгiнген кезде — жеке кабинетiнде электрондық өтiнiм статусы түрiнде хабарлама.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген, «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әр рәсiмнiң (iс-әрекеттiң) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

Диспетчер дәрiгердi үйге шақыру жөнiнде алдын ала жазу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы мен жынысы; пациенттiң жағдайы мен жазатайым уақиғасының немесе сырқаттануының мән-жайы туралы қысқаша мәлiметтер; нақтылы мекенжайы және телефоны. Дәрiгердi шақыру кестесiне сәйкес дәрiгердiң үйге келу күнiн, уақытын хабарлайды — 9 минут немесе Портал арқылы электрондық жауап беру — 29 минут. Нәтижесi — дәрiгердi үйге шақыруды алдын ала жазу журналында жазу және одан кейiн дәрiгердiң келетiн күнi мен уақытын көрсете отырып ауызша жауап немесе жеке кабинетте электрондық өтiнiм мәртебесi түрiндегi хабарлама беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң тiзбесi: диспетчер.

7. Рәсiмнiң (әрекеттiң) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердiң арасындағы iс-қимылдың реттiлiгiн сипаттау:

Диспетчер дәрiгердi үйге шақыру жөнiнде алдын ала жазу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы мен жынысы; пациенттiң жағдайы мен жазатайым уақиғасының немесе сырқаттануының мән-жайы туралы қысқаша мәлiметтер; нақтылы мекенжайы және телефоны. Диспетчер дәрiгердi үйге шақыру бойынша алдын ала жазу журналында көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн көрсетедi, ауызша жауап бередi — 9 минут немесе электронды жауап бередi — 29 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау

8. Өтiнiш бiлдiру тәртiбiн және қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет берудегi рәсiмдер (әрекеттер) реттiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталда өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушы компьютерiнiң интернет-браузерiнде (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) сақталады;

2) 1-процесс — ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн көрсетiлетiн қызметтi алушы компьютерiнiң интернет-браузерiнде тiркеу, мемлекеттiк қызмет алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен Порталда құпия сөздi (авторизациялау процесi) енгiзу процесi;

3) 1-шарт — Порталда жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) логинi және құпия сөз арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелгенi туралы деректердiң түпнұсқасын тексеру;

4) 2-процесс — Порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

5) 3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды түрде қажеттi құжаттардың сұрау салу нысанына бекiту, оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып, нысандарды (мәлiметтердi енгiзу) толтыру;

6) 4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

7) 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгi қолданылуының мерзiмiн және керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтер арасында) сәйкестiлiгiн тексеру;

8) 5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрау салуын өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюзiндегi автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрi — ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi — ЭҮШ) арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының расталған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) жолдау;

1) 3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса ұсынылған Стандартта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi көрсетiлетiн қызметтi берушiмен тексеру;

2) 6- процесс — электронды құжатты тiркеу;

3) 7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

4) 8-процесс — Порталда құрастылған көрсетiлетiн қызметтi алушымен қызмет нәтижесiн (электронды құжат нысанындағы хабарлама) алуы.

Электронды құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы құрастырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi беру процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 2-қосымшасында көрсетiлген.

«Дәрiгердi үйге шақыру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне
1-қосымша

«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Дәрiгердi үйге шақыру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
2-қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудiң № 1 диаграммасы

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудiң № 1 диаграммасы

Қысқартулардың толық жазылуы:

ЭҮП — «электронды үкiмет порталы» ақпараттық жүйесi;

ЭҮШ — «электронды үкiмет» Шлюзi;

ӨЭҮШ — өңiрлiк «электронды үкiмет» шлюзi автоматтандырылған жұмыс орны

«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 135 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 10:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2016 15:15