«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/538 қаулысымен
бекiтiлген

"Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 21.04.2016 № А-5/190 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Қайтыс болу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлiк не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 2 сағат;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 2 сағат;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 5 жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 2 сағат;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады және тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 2 сағат;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 5 жұмыс күнi (қабылданған күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыны күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң ситапсамасы

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

"Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi сенiмхат бойынша) көрсетiлетiн қызметтi берушiге не Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде қайтыс болғанын тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшi (бұдан әрi — өтiнiш);

2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгiленген нысандағы құжат;

3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлiгi (бар болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлiгi жоқ болса өтiнiште себебi көрсетiлуi қажет);

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенiмхат;

5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тiркелмегенi туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жерi мен тұрғылықты жерi бойынша тiркеушi органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн қайтыс болған адамдарды қоспағанда);

6) сот шешiмi негiзiнде тiркеу жағдайында, қайтыс болу фактiсiн белгiлеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi;

7) қайтыс болған тұлғаның әскери билетi (бар болса);

8) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.

Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) қайтыс болғанын тiркеу туралы куәлiк, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда — қайтыс болғанын тiркеу туралы анықтама;

3) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу қажеттiгiн растайтын құжаттар;

4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болып табылатын құжат;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенiмхат.

Құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi, ауылдық округтердiң әкiмдерi немесе Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың көшiрмелерiн салыстырады, одан кейiн түпнұсқаларын көрсетiлетiн қызметтi берушiге қайтарады.

Егер тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мәлiметтер, көрсетiлетiн қызметтi алушымен бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiм бередi. Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде жолдайды.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшаларына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 257 Kb)

Мақалың шыққан күні: 29.01.2016 16:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 11:15