«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті

Ақмола облысы
әкiмдiгiнiң 2015 жылғы
23 қарашадағы
№ А-11/538 қаулысымен
бекiтiлген

"Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер,толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 21.04.2016 № А-5/190 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушi;

кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi);

"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

"электрондық үкiмет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Туу туралы куәлiк, енгiзiлген өзгерiстермен, толықтырулармен және түзетулермен туу туралы қайталама куәлiк не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 бұйрығымен бекiтiлген "Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11374 болып тiркелген) (бұдан әрi — стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткiзгiштегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапмемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi болып табылады.

Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" қызметтi көрсетушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi берiлетiн күнiнiң белгiленгенi туралы хабарлама не стандарттың 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап жолданады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi –1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады, тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

бала туылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 6 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi iшiнде (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады, тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

бала туылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 5 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 5 жұмыс күнi iшiнде (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 13.09.2016 № А-10/445 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, тiркеу туралы белгi қою;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) ауылдық округтiң әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

1) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады, тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

бала туылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 6 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 6 жұмыс күнi iшiнде (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

4) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ауылдық округтiң әкiмiне жүгiнген кезде:

1) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 20 минут;

2) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

3) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды тiркеудi жүзеге асырады және басшыға жолдайды — 20 минут;

4) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

5) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады, өтiнiштi есеп беру журналына тiркейдi, мәлiметтердi "Азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы" ақпараттық жүйесiне енгiзедi, тiркейдi, актiлiк жазбаны екi данада шығарады, тиiстi куәлiктi қалыптастырады және басшыға қол қоюға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

бала туылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 5 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзiмi қарау мерзiмiн ұзартқан сәттен бастап көрсетiлетiн қызметтi алушыны 3 күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар ете отырып, 29 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актiсi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш — 5 жұмыс күнi iшiнде (қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы күнтiзбелiк 3 күн iшiнде хабардар етiле отырып, күнтiзбелiк 29 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

6) басшы құжаттармен танысады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi ауылдық округтiң әкiмiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

8) ауылдық округтiң әкiмi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 20 минут.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 13.09.2016 № А-10/445 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күн, (уақыт) және орны, өтiнiштi қабылдаған Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауға бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде тууды тiркеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тууды тiркеу туралы өтiнiш;

2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) ата-анасының неке қию (ерлi — зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн некенi тiркеген тұлғалар куәлiктiң көшiрмесiн ұсынбайды);

4) туу туралы медициналық куәлiгi немесе туу фактiсiн белгiлеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда нотариатта куәландырылған сенiмхат;

шетелдiктер қосымша:

6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесiне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететiн көшi-қон карточкасын ұсынады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын, азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзi тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Баланың туған күнiнен бастап үш жұмыс күнi өткеннен кейiн баланың тууы туралы өтiнiш берiлген жағдайда мыналар:

1) ата-анасының түсiнiктемесi;

2) баланың туған жерi мен ата-анасының тұрғылықты жерi бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тiркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн туылған балалардан басқа);

3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) өтiнiш бiлдiрген кезден бастап 7 (жетi) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiлген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екi айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жерi бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi өтiнiш бiлдiрген жағдайда нотариат куәландырған сенiмхат қоса берелдi.";

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);

3) туу туралы куәлiк, куәлiктiң түпнұсқасы жоғалған жағдайда — тууды тiркеу туралы анықтама;

4) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудiң қажеттiгiн растайтын құжаттар;

5) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiктерiн беру үшiн негiз болып табылатын құжат;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушының өкiлi жүгiнген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенiмхат.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушының (немесе нотариатта куәландырылған сенiмхат бойынша өкiлiнiң) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан соң көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң өтiнiш жасаған кезде, көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға табыс ету үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 26.12.2016 № А-1/609 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.12.2017 № А-1/600 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

10. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзедi;

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдау, үшiн сұраныстың нысанын шығару оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету, және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) сұраныстың нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрiндегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Бала тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер,толықтырулар мен түзетулер енгiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 314 Kb)

Мақалың шыққан күні: 01.02.2016 10:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 11:36