«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» шілдедегі № А-7/327
қаулысымен бекітілді

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: бекітілгені туралы қағаз түріндегі (еркін түрде) немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама (талон).
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      Тіркеу орны алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітудің журналында келесі мәліметтерді көрсетеді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы, тіркелген мекенжайы және байланыс телефоны – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – қағаз түрінде (ерікті түрде) немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде бекіту туралы хабарлама (талон) беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: тіркеу орны.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      Тіркеу орны алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітудің журналында келесі мәліметтерді көрсетеді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы, тіркелген мекенжайы және байланыс телефоны. Қағаз түрінде бекіту туралы хабарлама (талон) береді – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – қағаз түрінде (ерікті түрде) немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде бекіту туралы хабарлама (талон) беру.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      8. Өтініш білдіру тәртібін және қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудегі рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) сақталады;
      2) 1-процесс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде тіркеу, мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда құпия сөзді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
      3) 1-шарт – Порталда жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) логині және құпия сөз арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелгені туралы деректердің түпнұсқасын тексеру;
      4) 2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының электронды түрде қажетті құжаттардың сұрау салу нысанына бекіту, оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып, нысандарды (мәліметтерді енгізу) толтыру;
      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      7) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігі қолданылуының мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтер арасында) сәйкестілігін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу үшін «электрондық үкімет» өңірлік шлюзіндегі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының расталған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушымен қоса ұсынылған Стандартта көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету үшін негіздерді көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
      10) 6-процесс – электронды құжатты тіркеу;
      11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      12) 8-процесс – Порталда құрастылған көрсетілетін қызметті алушымен қызмет нәтижесін (электронды құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы құрастырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген. 

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (DOC 26 Kb)

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы (ZIP 62 Kb)

ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет етудің № 1 диаграммасы (ZIP 61 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2016 10:06