«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» шілдедегі
№ А-7/328 қаулысымен
бекітілді

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
      Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.
      Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының қолына беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) Психолог АИТВ-инфекциясының бар-жоғына медициналық зерттеліп-қарауды жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында көрсетілетін қызметті алушымен тестілеуге дейінгі кеңес өткізеді – 60 минут. Нәтижесі – кеңес беруді өткізу;
      2) Ем-шара кабинетінің медбикесі қан алуды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға жеке код беріледі (өңірдің әріптік белгіленуі, анасы атының алғашқы екі әрпі, әкесі атының алғашқы екі әрпі, жынысы (1-ер, 2-әйел), туған жылы, күні, айы) – 20 минут. Нәтижесі – қан алуды жүзеге асыру;
      3) Зертханашы АИТВ антиденеге зерттеп-қарауды жүргізеді – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – қанды АИТВ-ға зерттеп-қарау;
      4) Ем-шара кабинетінің медбикесі зерттеп-қарау нәтижесінің қорытындысын көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды беру журналына қол қоюы;
      5) Психолог АИТВ-инфекцияның бар-жоқтығына оң нәтижені алған кезде алдағы уақытта зерттеліп-қаралуы үшін кеңес беру жүргізеді – 60 минут. Нәтижесі – кеңес беруді жүргізу;
      6) Ем-шара кабинетінің медбикесі екінші қайтара қан алады – 20 минут. Нәтижесі – қанды екінші қайтара алуды жүргізу.
      7) Зертханашы АИТВ антиденеге қайталама зерттеп-қарауды жүргізеді – 2 жұмыс күні. Нәтижесі – қанды АИТВ-ға тексеру;
      8) Ем-шара кабинетінің медбикесі медициналық қорытындыны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Республикалық АИТВ алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесіне жібереді – 16 жұмыс күні. Нәтижесі – АИТВ-инфекциясының бар-жоқтығына медициналық қорытындыны алу;
      9) Ем-шара кабинетінің медбикесі көрсетілетін қызметті алушыға иммундық тапшылық вирусына антиденені зерттеу туралы анықтама-сертификат береді – 10 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды беру журналына қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің тізбесі:
      1) психолог;
      2) медбике;
      3) зертханашы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер асындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
      1) Психолог АИТВ-инфекциясының бар-жоғына медициналық зерттеліп-қарауды жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында көрсетілетін қызметті алушымен тестілеуге дейінгі кеңес өткізеді – 60 минут;
      2) Ем-шара кабинетінің медбикесі қан алуды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға жеке код беріледі (өңірдің әріптік белгіленуі, анасы атының алғашқы екі әрпі, әкесі атының алғашқы екі әрпі, жынысы (1-ер, 2-әйел), туған жылы, күні, айы) – 20 минут;
      3) Зертханашы АИТВ антиденеге зерттеп-қарауды жүргізеді – 1 жұмыс күні;
      4) Ем-шара кабинетінің медбикесі зерттеп-қарау нәтижесінің қорытындысын көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 минут.
      5) Психолог АИТВ-инфекцияның бар-жоқтығына оң нәтижені алған кезде алдағы уақытта зерттеліп-қаралуы үшін кеңес беру жүргізеді – 60 минут;
      6) Ем-шара кабинетінің медбикесі екінші қайтара қан алады – 20 минут.
      7) Зертханашы АИТВ антиденеге қайталама зерттеп-қарауды жүргізеді – 2 жұмыс күні;
      8) Ем-шара кабинетінің медбикесі медициналық қорытындыны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Республикалық АИТВ алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесіне жібереді – 16 жұмыс күн;
      9) Ем-шара кабинетінің медбикесі көрсетілетін қызметті алушыға иммундық тапшылық вирусына антиденені зерттеу туралы анықтама-сертификат береді – 10 минут.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-әректерінің (әрекеттер) рәсімдер реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (DOC 24 Kb)

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы (ZIP 122 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 11:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2016 15:19