«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 16 шiлдедегi
№ А-7/325 қаулысымен
бекiтiлген

"Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) стационарлық көмек көрсететiн Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тiркеу орны арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) № 083/е нысан бойынша берiлген көлiк басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

5. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген "Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11304 болып тiркелген) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн тiркеу журналына тiркейдi және анықтама бланкiсiн бередi — 20 минут.

Қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) бейiндi дәрiгерлер денсаулық жағдайына медициналық тексеру жүргiзедi — 4 сағат;

3) дәрiгер-терапевт анықтамаға кәсiби жарамдылығы туралы мәлiметтердi енгiзедi және анықтама бередi — 15 минут.

7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың нәтижесi):

1) құжаттарды қабылдау, қызметтi алушының деректерiн тiркеу және анықтама бланкiсiн беру;

2) денсаулық жағдайын медициналық тексеру;

3) кәсiби жарамдылығы туралы мәлiметтер енгiзу және анықтама беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) бейiндi дәрiгерлер;

3) дәрiгер-терапевт.

9. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн тiркеу журналына тiркейдi және анықтама бланкiсiн бередi — 20 минут.

Қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) бейiндi дәрiгерлер денсаулық жағдайына медициналық тексеру жүргiзедi — 4 сағат;

3) дәрiгер-терапевт анықтамаға кәсiптiк жарамдылығы туралы мәлiметтi енгiзедi, анықтама бередi — 15 минут.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс — қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Көлiк құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Мақалың шыққан күні: 29.10.2019 13:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.10.2019 13:48