«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 27 қыркүйектегi
№ А-10/427 қаулысымен
бекiтiлген

"Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентi

1. Жалпы ереже

1. "Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен көрсетiледi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген № 086/е нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң медициналық анықтамасы (бұдан әрi — Анықтама).

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қызмет алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11304 болып тiркелген) бекiтiлген "Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, қызмет алушының деректерiн тiркеу журналына тiркейдi және анықтаманың бланкi бередi — 20 минут.

Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынылмаған және (немесе) мерзiмi өткен құжаттарды ұсынылған жағдайда қызмет берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) профильдык дәрiгерлер денсаулық жағдайын медициналық зерттеп-қарауды өткiзедi — 4 сағат;

3) дәрiгер-терапевт кәсiптiк жарамдылығы туралы мәлiметтердi анықтамаға енгiзедi — 15 минут;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтамаға қол кояды — 10 минут;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе маманы анықтаманы бередi — 10 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау, қызмет алушының деректерiн тiркеу және анықтаманың бланкiн беру;

2) денсаулық жағдайын медициналық зерттеп-қарау;

3) кәсiптiк жарамдылығы туралы мәлiметтердi енгiзу;

4) анықтамаға қол қою;

5) анықтаманы беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара әрекет ету тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе маманы;

2) профильдык дәрiгерлер;

3) дәрiгер-терапевт;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, қызмет алушының деректерiн тiркеу журналына тiркейдi және анықтаманың бланкi бередi — 20 минут.

Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынылмаған және (немесе) мерзiмi өткен құжаттарды ұсынылған жағдайда қызмет берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) профильдык дәрiгерлер денсаулық жағдайын медициналық зерттеп-қарауды өткiзедi — 4 сағат;

3) дәрiгер-терапевт кәсiптiк жарамдылығы туралы мәлiметтердi анықтамаға енгiзедi — 15 минут;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтамаға қол кояды — 10 минут;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе маманы анықтаманы бередi — 10 минут.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-әрекеттердiң) кезеңдiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекет етулерiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

"Алдын ала мiндеттi медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламентi (DOCX 135 Kb)

Мақалың шыққан күні: 28.11.2017 09:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.11.2017 09:37