«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/328 қаулысымен
бекiтiлдi

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) стационарлық көмек көрсететiн Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) нысан бойынша қағаз түрiнде, ординатор дәрiгер қол қойған, жеке дәрiгердiң мөрiмен және қызметтi берушiнiң мөрiмен расталған медициналық картадан жазылып берiлетiн үзiндi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Ординатор дәрiгер пациенттiң жағдайын қарап, жеке қолтаңбасы қойылған және стационарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымның мөрi басылған стационарлық науқастың медициналық картадан көшiрме бередi — 40 минут. Нәтижесi — жеке дәрiгерлiк мөр және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрi басылған ординатор дәрiгер қол қойған стационарлық науқастың медициналық картадан көшiрме үзiндi.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiне қатысатын қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi: емдеушi дәрiгер немесе дәрiгер-ординатор.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Ординатор дәрiгер пациенттiң жағдайын қарап, жеке қолтаңбасы қойған және стационарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымның мөрi басылған стационарлық науқастың медициналық картадан көшiрме бередi -40 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-қимылының, рәсiмдер (әрекеттер) реттiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Стационарлық науқастың
медициналық картасынан үзiндi
көшiрме беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 65 Kb)

Мақалың шыққан күні: 16.09.2015 11:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2016 14:56