«Туберкулез қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/328 қаулысымен
бекiтiлдi

«Туберкулез қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — мемлекеттiк қызметтi ұсынуды тiркеу журналында анықтама тiркеумен, фтизиатр дәрiгер қол қойған, жеке дәрiгерлiк мөрмен және көрсетiлген қызметтi берушiнiң мөрiмен расталған туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген, «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Фтизиатор-дәрiгер көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн тiркеу журналында көрсетедi, мәлiметтердi «Туберкулезбен ауыратындардың ұлттық тiркелiмi» деректер базасында тексередi — 50 минут. Нәтижесi — жеке дәрiгерлiк мөр және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрi басылған анықтама беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлердiң тiзбесi: фтизиатор-дәрiгер.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Фтизиатор-дәрiгер көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн тiркеу журналында көрсетедi, мәлiметтердi «Туберкулезбен ауыратындардың ұлттық тiркелiмi» деректер базасында тексередi, жеке дәрiгерлiк мөр және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрi басылған анықтама бередi — 50 минут.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi беру процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң (қызметшiлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Туберкулезге қарсы ұйымынан
анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтiң регламентiне
қосымша

«Туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету

бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Туберкулез қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 16 Kb)

Мақалың шыққан күні: 06.08.2015 15:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.06.2016 14:46