«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/327 қаулысымен
бекiтiлдi

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн (учаскелiк терапевт, учаскелiк педиатр, жалпы тәжiрибедегi дәрiгер) Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: учаскелiк дәрiгер немесе жалпы практика дәрiгерi (бұдан әрi — ЖПД) қол қойған, жеке дәрiгердiң мөрiмен және көрсетiлген қызметтi берушiнiң мөрiмен расталған осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) № 035-2/е және № 079/е нысандары бойынша берiлген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут. Нәтижесi — дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналына тiркеу;

2) Жұмыс күнi iшiнде дәрiгердi үйге шақырғанда, учаскелiк дәрiгер немесе жалпы практикадағы дәрiгермен, дәрiгердiң жеке мөрi және қызмет берушiнiң мөрi басылған анықтама берiледi — 19 минут. Нәтижесi — дәрiгердiң жеке мөрi және қызмет берушiнiң мөрi басылған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы;

2) Дәрiгер.

7. әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут.

2) Учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрибедегi дәрiгер жеке дәрiгерлiк мөр басылған және қызмет берушiнiң мөрi басылған анықтама бередi — 19 минут, үйiне барған жағдайда жұмыс күнi барысында.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-қимыл, рәсiмдер (әрекеттер) реттiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететiн
медициналық ұйымнан
анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
регламентiне қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру»  мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан анықтама беру» (DOC 19 Kb)

Мақалың шыққан күні: 15.09.2015 09:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.06.2016 14:57