«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/327 қаулысымен
бекiтiлдi

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн (учаскелiк терапевт, учаскелiк педиатр, жалпы тәжiрибедегi дәрiгер) Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: «Уақытша жұмысқа жарамсыздыққа сараптама жүргiзу, уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын және анықтама беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы №183 бұйрығымен бекiтiлген нысандар бойынша берiлген, дәрiгердiң жеке мөрiмен және қызмет берушiнiң мөрiмен бекiтiлген, учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрбиедегi дәрiге (одан әрi-ЖТД) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйыммен уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама беру.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут. Нәтижесi — дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналына тiркеу;

2) Учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрибедегi дәрiгер пациенттiң жағдайын тексередi, жеке мөрi және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымның мөрi басылған еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама бередi — 19 минут. Нәтижесi — алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымнан уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы;

2) Дәрiгер.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) рәсiмдердiң (iс-қимыл) реттiлiгiн сипаттау:

1) тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут.

2) Учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрибедегi дәрiгер пациенттiң жағдайын тексередi, жеке мөрi және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымның мөрi басылған еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама бередi — 19 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-қимылының, рәсiмдер (әрекеттер) реттiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететiн
медициналық ұйымнан еңбекке
уақытша жарамсыздық анықтамасын беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 19 Kb)

Мақалың шыққан күні: 16.09.2015 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.06.2016 11:51