«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «10» шiлдедегi
№ А-7/327 қаулысымен
бекiтiлдi

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн (учаскелiк терапевт, учаскелiк педиатр, жалпы тәжiрибедегi дәрiгер) Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргiзу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10964 болып тiркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан берiлетiн еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен бекiтiлген, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут. Нәтижесi — дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналына тiркеу;

2) Учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрибедегi дәрiгер пациенттiң жағдайын тексередi, жеке дәрiгерлiк мөр басылған уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын бередi — 19 минут. Нәтижесi — алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымнан уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушi құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы;

2) Дәрiгер.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдың) реттiгiн сипаттау:

1) Тiркеу бөлiмiнiң операторы дәрiгердiң қабылдауына алдын ала жазылу журналында келесi мәлiметтердi көрсетедi: пациенттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жасы және жынысы, пациенттiң жағдайы бойынша қысқаша мәлiметтер, нақтылы мекенжайы және телефоны — 10 минут;

2) Учаскелiк дәрiгер немесе жалпы тәжiрибедегi дәрiгер пациенттiң жағдайын тексередi, жеке дәрiгерлiк мөр басылған уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын бередi — 19 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-қимылының, рәсiмдер (әрекеттер) реттiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестердiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететiн
медициналық ұйымнан уақытша
еңбекке жарамсыздық парағын
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOC 18 Kb)

Мақалың шыққан күні: 16.09.2015 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.06.2016 15:10