«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдары
2 Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауы және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажет құжаттардың тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге және Госкорпорацияға:- жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;- заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);- қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін).Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады
6 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Госкопроацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлері) 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі
Мақалың шыққан күні: 15.02.2017 12:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2017 16:21