«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
2 Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауы және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы;«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың пакетін тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажет құжаттардың тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:1) лицензияны алу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің кіші түріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);2) лицензияға қосымшаны алу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініш;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда);Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 немесе 4-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6 немесе 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;Мемлекеттік корпорацияға:1) лицензияны алу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);қайта даярлаудан өту туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес түпнұсқасы қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);2) лицензияға қосымшаны алу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);қайта даярлаудан өту туралы куәлік немесе біліктілікті жоғарылатудан өту туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 немесе 4-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6 немесе 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;порталға:1) лицензияны алу үшін:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа, жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәліктің электрондық көшірмесі;Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;2) лицензияға қосымшаны алу үшін:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;үй-жайға немесе ғимаратқа, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәліктің электрондық көшірмесі;Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;3) лицензияны қайта ресімдеу үшін:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алу кезінде бұрын қағаз тасығышта берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, лицензия, лицензиялық алым сомасын төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, осыдан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.Құжаттарды тапсыру кезінде:көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттардың пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетілген, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;Мемлекеттік корпорацияда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;«портал» арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсыну кезінде (не оның өкілінің нотариат куәландырған сенімхат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырылады.Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, осыдан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді
6 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электронды.Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталды.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлері) 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі
Мақалың шыққан күні: 15.02.2017 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2017 15:42