«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау медициналық колледжі» МКҚК
2 Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауы және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат  
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қорытынды Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күнінен бастап даярлықтан өткізу туралы құжаттарды беру – 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру – 3 (үш) жұмыс күннің ішінде;2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажет құжаттардың тізбесі 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.2) жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).3) кету парағы немесе білім алушының көрсетілетін қызметті берушілер алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат.Салыстырудан кейін жеке куәліктің тұпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады
6 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не осы стандарттың 10-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлері) 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі
Мақалың шыққан күні: 15.02.2017 12:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2017 16:57