«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл, Енбекшилдер, Ерейментау, Егіндыкол, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандардың, Стеногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер,Көкшетау қаласы және Бурабай ауданы азаматтық хал актлерің тіркеу бөлімдеріЖұмыс кестесі:көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-н 18.00-ге дейін, сағат 13.00-н 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат 1) Көрсетілетін қызмет беруші, кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» арқылы жүзеге асырылады
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге:
хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеу органы өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда - өтінішті алғанын растау және некені бұзуды тіркеу күнін белгілеу - 1 (бір) жұмыс күні
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойыша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса - некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777
Мақалың шыққан күні: 03.03.2017 11:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2017 11:49