«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл, Енбекшилдер, Ерейментау, Егіндыкол, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандардың, Стеногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер,Көкшетау қаласы және Бурабай ауданы азаматтық хал актлерің тіркеу бөлмдеріЖұмыс кестесі:көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-н 18.00-ге дейін, сағат 13.00-н 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат 1) Көрсетілетін қызмет беруші, кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» арқылы жүзеге асырылады
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ бар болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) порталда - атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу - 1 (бір) жұмыс күні
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
4) некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
6) бала асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер оларды тіркеу органдары тіркесе (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды);
8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. көлеміндегі екі фотосуреті;
9) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруын өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.
Порталға жүгіну кезінде, егер көрсетілетін қызметті алушы (некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініші;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).
Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777
Мақалың шыққан күні: 02.03.2017 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2017 14:52