«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) Ақмола облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары
2 Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауы және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат  
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады.Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде,көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.портал арқылы өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажет құжаттардың тізбесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге:тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;2) порталға:көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс
6 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі 1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлері) 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі
Мақалың шыққан күні: 15.02.2017 12:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2017 14:43