«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» ММ
2 Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауы және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат  
3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 20 (жиырма) жұмыс күні;2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажет құжаттардың тізбесі АИТВ-инфекциясының болуына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде - жеке басын куәландыратын құжатыАИТВ-инфекциясының болуына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі
6 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда өзге телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлері) 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірынғай байланыс-орталығының нөмірі
Мақалың шыққан күні: 15.02.2017 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2017 15:37