Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2018 жылғы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2018 жылғы қызметi туралы есепке (бұдан әрi — есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — облыстың ЖАО) көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер қосылды.

2018 жылы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмiне сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтiң 202 түрi көрсетiлдi (ҚР Үкiметiнiң 29.12.2018 № 913қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен).

2018 жылдың қорытындысы бойынша 3 757 858 мемқызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:

- Мемкорпорация арқылы — 114 759 қызмет

- электронды түрде — 3 147 549 (ҮЭП, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйелерi);

- көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арқылы — 495 550 қызмет.

Ақысыз негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — 170 түрi, ақылы негiзде — 21 түрi, ақысыз/ақылы түрде — 11 түрi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң барынша көп саны денсаулық сақтау саласында атап өтiлдi:

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»;

«Стационарлы аурудың медициналық картасынан үзiндi беру»;

«Дәрiгердi үйге шақыру».

ЖАО мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiнiң 202 түрiнiң облыс әкiмдiгiнiң қаулыларымен 161 регламент әзiрленiп бекiтiлдi, 28 түрi бойынша регламенттi бекiту жұмысы жүргiзiлуде, 13 түрi бойынша регламенттерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн бекiтiлетiн болады.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсетудiң талаптары мен тәртiбi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандартымен және регламентiмен айқындалады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды (adilet.zan.kz).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпараттармен стендтер орналасқан (стандарттар, өтiнiштер нұсқасы).

Одан басқа, электронды қызметтерге қолжету мақсатында iс-шаралар қатары жүргiзiлдi:

- цифрлық сауатталыққа 130 мыңға жуық адам оқытылды;

- ауылдық округтерде E-gov» қолжетiмдi бұрышы ашылды;

- 260 баннер орналастырылды;

- мобильды азаматтардың базасында мобильды телефондардың 267 мың нөмiрi тiркелдi;

- Damumed қосымшасында 147 мың адам тiркелдi;

- цифрлық сауатталықтты арттыру бойынша бейнероликтер орналастырылды;

- БАҚ-та 1176 түсiндiрме материалдар жарияланды;

- мектептерге балалардытегiн тасымалдау бойынша қызметтердi көрсету үшiн 31 автобус жаңартылды;

- «жедел жәрдемдi шақыру» мемқызметтi уақытылы және сапалы көрсету үшiн 5 жедел жәрдемнiң iшкi станциялары қосымша ашылды.

- Қосшы ауылында халықты құжаттандыру пунктi ашылды;

- ЭЦҚ қолданусыз бiр рет қолданылатын парольдер арқылы қызметтiң 18 түрi қол жетiмдi болды;

- мемқызметтердiң мәселелерi бойынша азаматтар қажеттi консультация алатын 76жәрмеңке өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауы жұмыс iстейдi, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмi, стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты, мемқызметтердiң жадынамасы орналастырылды.

Сонымен қатар, облыс, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң, басқармалардың ресми интернет-ресурстарында кеңес алу үшiн телефон нөмiрлерi орналастырылды, «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауларында ақпарат өзектендiрiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейiн анықтау мақсатында, 2018 жылы «SANGE»зерттеу орталығымен қоғамдық мониторинг өткiзiлдi.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына өткiзiлген қоғамдық мониторинг нәтижесiнiң негiзiнде 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысыЖАО мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiмен көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттану деңгейi — 80,7% (ҚР бойынша орташа деңгей — 69,8%).

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет 2018 жылдың желтоқсанында ЭҮП қызметтерiн насихаттау және Көкшетау қ. азаматтар арасында цифрлы мәдениеттi iлгерiлету үшiн электронды қызметтердi алуға және электронды қызметтердi алуды оқытудың толық курсын өтуге болатын Цифрлы ХҚКО ашылды.

Сондай-ақ, резиденттер еместерге көрсетiлетiн қызметтер үшiн «бiр терезе» ұстанымы бойынша жұмыс жүзеге асырылған Көшi-қон қызметтердiң орталығы ашылды.

мектепке қабылдау, кезекке қою және мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарына балаларды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердiң 3 түрi автоматтандырылды. Осы қызметтер аудан орталықтарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының 148 мектепке дейiнгi ұйымдарында и 103 мектептерде«Akmola.kz» ақпараттық жүйесiн енгiзу арқылы автоматтандырылды.

Қызметтердiң 32 түрi бойынша көрсету мерзiмдерi және талап ететiн құжаттардың тiзiмi қысқартылды.

Қызметтердiң 12 түрiн, оның iшiнде бiлiм бойынша мемқызметтердiң 10 түрiн, спорт бойынша 2 түрiн автоматтандыру жоспарланады.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау

Мемқызметтердi iшкi бақылау және сапасын мониторингiлеу бойынша функция облыс, аудан және қала әкiмдiктерде белгiлi бiр құрылымдық бөлiмшелерге бекiтiлдi.

305 бақылаулы iс-шаралар өткiзiлдi. Бақылаулы iс-шаралар барысында мемқызметтiң бекiтiлген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша 629 фактi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бекiтiлген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету 104 фактiсi, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн (бизнес-процесiн) бұзудың 7 фактiсi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптары бұзылуының 291 фактiсi анықталды.

Мемқызметтердi көрсету мерзiмдерiнiң 4 бұзушылығы анықталды (2017 ж — 5, 2016 ж. — 9 бұзушылық).

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында заңнама нормаларын бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке меморгандардың60қызметкерi, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке — 10 лауазымдықтұлғалары тартылды.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына шағымдар келiп түскен жоқ.

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен қанағаттануын одан әрi арттырудың және тиiмдiлiгiнiң перспективасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2019 жылға келесiдей iс-шаралар жоспарланды:

1.Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдiктерiнде «Қолжетiмдi әкiмдiк» жобасын жүзеге асыру;

2.2018 жылғы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына қоғамдық мониторингтiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру бойынша шара қолдану;

3.мемлекеттiк қызметтер саласында заңнаманы сақтау мәнiне 289 бақылаулы iс-шараларды өткiзу;

4.«Электронды үкiмет» порталы арқылы өтiнiштердiң саның ұлғайту;

5.мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы көрсетiлуiне уақытылы мониторинг;

6.мүмкiншiлiктерi шектеулi тұлғалар үшiн, олар мемлекеттiк қызмет алуы барысында қажеттi жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймешегi);

7.көрсетiлетiн қызметтi алушылар арыздарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтiнiш бiлдiруге негiз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйектi шаралар қолдану;

8.көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы әлеуметтiк желiлер арқылы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

9.мемлекеттiк қызметтердiң 260 жәрмеңкесiн өткiзу.

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2018 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Комментарии


Мақалың шыққан күні: 01.03.2019 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.04.2019 10:01