Жария талқылаулар үшін Ақмола облысы ЖАО 2017 жылғы қызметі туралы есеп

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша
2017 жылғы қызметi туралы есебi

1. Жалпы ережелер

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2017 жылғы қызметi туралы есепке (бұдан әрi — есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — облыстың ЖАО) көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер қосылды.

2017 жылы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмiне сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтiң 190 түрi көрсетiлдi (ҚР Үкiметiнiң 12.10.2017 № 637 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен).

2017 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 4 066 280 құрады, оның iшiнде төмендегiлер арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны:

қағаз нысанында мемлекеттiк органдарда (ведомстволық бағынысты ұйымдарда) — 706 402;

қағаз нысанында мемлекеттiк органдарда (ведомстволық бағынысты ұйымдарда), алайда «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемкорпорация) арқылы — 35 385;

Мемкорпорация арқылы — 123 799;

электронды түрде, барлығы — 3 200694, оның iшiнде «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 79 175, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы — 4 386, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы — 3 117 133.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы көрсетiлген мемқызметтердiң саны жөнiндегi деректерге (3 117 133) Мемкорпорацияның жүйелерiмен ықпалдастырылмаған мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерi, «электрондық үкiмет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы көрсетiлген мемқызметтер қосылғанын атап өту қажет.

Ақысыз негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — 155 түрi, ақылы негiзде — 35 түрi.

Мемкорпорация арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны — 114 түрi, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы — 82 түрi, мемлекеттiк орган арқылы — мемлекеттiк қызметтердiң 124 түрi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң барынша көп саны денсаулық сақтау саласында атап өтiлдi:

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» — 2 679060 қызмет (немесе жалпы санынан 65,9%);

«Дәрiгердi үйге шақыру» — 178 068 қызмет (немесе жалпы санынан 4,4%);

«Стационарлы аурудың медициналық картасынан үзiндi беру»— 156 706 қызмет (немесе жалпы санын 3,9%).

Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiнiң 190 түрiнiң облыс әкiмдiгiнiң қаулыларымен 179 регламент әзiрленiп бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызметтiң 2 түрi бойынша регламенттi бекiту жұмысы жүргiзiлуде. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 9 түрi бойынша регламенттерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн бекiтiлетiн болады.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсетудiң талаптары мен тәртiбi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандартымен және регламентiмен айқындалады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды (adilet.zan.kz).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).

Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет» тарауы жұмыс iстейдi, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмi, стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Сонымен қатар, облыс, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң, басқармалардың ресми интернет-ресурстарында кеңес алу үшiн телефон нөмiрлерi орналастырылды, «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауларында ақпарат өзектендiрiлдi.

Мүмкiншiлiктерi шектеулi тұлғалар үшiн мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде қажеттi жағдайлар жасау жұмысы жүргiзiледi (пандустар, шақыру кнопкасы).

«Елдi мекен шегiнде объект құрылысы үшiн жер учаскесiн беру» мемқызмет бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне және халық арасында әлеуметтiк шиеленiске жол бермеу мақсатында, мемлекет меншiгiнен жер учаскелерiн беру айқындалған ерекше жағдайларды ескере отырып, сауда-саттық арқылы ғана жүзеге асырылуы тиiс.

Сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жер учаскелерi туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ақмола облысында бос жер учаскелерiне халықтың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн, облыс аудандары мен қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы өткiзуге жататын бос жер учаскелерiн көрсету арқылы «Қолжетiмдi жер» интернет-карта әзiрлендi және ақпараттық порталдарда орналастырылды.

Сайттарға тұрғын үй және ЖТҮҚ үшiн жер учаскелерiн алуға кезекте тұрғандардың тiзiмдерiн өзектендiру жұмысы жүргiзiледi.

Тұтастай алғанда, облыс бойынша есептiк кезеңде мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiнiң талаптарын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының мәселелерi бойынша 803 семинар-кеңес, «дөңгелек үстел», брифингтер, конференциялар өткiзiлдi.

Ақмола облысының мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсiнiктеме беру iс-шараларының саны 1800-дi құрады, оның iшiнде: мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң БАҚ-тарда мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша теледидарда сөз сөйлеулерi — 10, радиода — 11, газеттер мен басқа да баспасөз өнiмдерiнде — 1779.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейiн анықтау мақсатында, 2017 жылы «SANGE» зерттеу орталығымен қоғамдық мониторинг өткiзiлдi.

Қоғамдық мониторинг өткiзу барысында келесi көрсеткiштер қолданылды: мемлекеттiк қызмет көрсету қолжетiмдiлiгi, сапасы, көрсету тәртiбiнiң рәсiмi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына өткiзiлген қоғамдық мониторинг нәтижесiнiң негiзiнде 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiмен көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттану деңгейi — 83,7% (ҚР бойынша орташа деңгей — 65,9%).

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

Ақмола обылсында 3 департамент қызмет көрсетедi — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлiкке техникалық қызмет көрсету», «Әлеуметтiк төлемдердiң ведомствоаралық есептiк орталығы», олар Мемкорпорацияның тiкелей филиалдары болып саналады.

Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында, 2017 жылы Көкшетау қ. бiр терезе қағидасы бойынша автокөлiк құралдарының иелерiне қызмет көрсететiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл технологияларды қолданудың бiр мысалы. Атап айтқанда, емтихан тапсыру процесi толығымен автоматтандырылған, көлiк құралдарын басқару машықтануларын бақылау мен бағалаудың электронды жүйесi орнатылды. Сондай-ақ, мемқызмет көрсету уақыты 3 есеге қысқартылды.

Мемлекеттiк қызметтердi электронды нысанда және Мемкорпорация арқылы ұсыну мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарымен және регламенттерiмен реттеледi.

Қызметтер параллельдi түрде мобильдi қосымшаларға ауыстырылуда. Мобильдi технологияларды енгiзу, хабарламаларды Жеке кабинетке немесе электронды мекенжайға жолдаумен қатар, SMS-хабарландыру жiберуге мүмкiндiк туды.

Мемқызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргiзу, қызмет көрсету мерзiмiн, мемқызмет алу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлыққа бейiмдiлiгiн, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арасындағы байланысты алып тастау жолымен төмендетуге мүмкiндiк бердi.

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру», «Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтама беру» қызметтерiн көрсету процесi пысықталды және автоматтандырылды, олар толығымен автоматтандырылды және үздiксiз ПЭП арқылы көрсетiледi.

Перзентханаларда аналарға бiр өтiнiш бойынша сәбидiң тууын тiркеудi, сәби тууына және оның күтiмiне жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеуге, сондай-ақ сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады.

Ағымдағы жылы кезекке қою жөнiнде шешiмдер қабылдау процесiнен комиссияны алып тастау бөлiгiнде «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектiлiгi» мемқызметтi ұсынуды оңтайландыру жұмысы жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында, 2017 жылы ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттарын мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасына қосу жобасы басталды.

Халық арасында электрондық мемқызметтердi танымал ету және қолжетiмдiлiгi мақсатында, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттарында «E-gov» қолжетiмдiлiк бұрыштарын ашу жұмысы жүргiзiлдi (көп функционалды басып шығару құралымен интернетке қолжетiмдiлiгiмен қоса компьютер орнату).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстарынан 2342 қызметкер өттi.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына өткiзiлген iшкi бақылау нәтижелерi бойынша, белгiленген мерзiмдерiн бұза отырып көрсетiлген мемқызметтердiң саны — 5, атап айтқанда: «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» (1 бұзушылық, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, 2017 жылғы маусымда МО арқылы жол берiлдi), «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсаттылығын өзгертуге шешiм беру» (1 бұзушылық, «Қорғалжын ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ, 2017 жылғы шiлдеде МО арқылы жол берiлдi), «Мүгедектердi санаториялы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (3 бұзушылық, «Бiржан сал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ, 2017 жылғы қазанда МО арқылы жол берiлдi).

Мерзiмдерiнiң бұзылуына жол берген кiнәлi тұлғаларға қатысты әкiмшiлiк және тәртiптiк сипаттағы шаралар қолданылды. Атап айтқанда, тәртiптiк жауапкершiлiкке 4 лауазымды тұлға тартылды, 3 ескерту, 1 сөгiс жарияланды. Айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 2 лауазымды тұлға тартылды.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен қанағаттануын одан әрi арттырудың және тиiмдiлiгiнiң перспективасы

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрi жетiлдiру мақсатында, Ақмола облысының әкiмдiгiмен мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру жөнiндегi келесiдей iс-шаралар жоспарланды:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясы және «Электрондық үкiмет» порталы арқылы өтiнiштердiң санын арттыру;

Алдағы уақытта Мемқызметтердiң тiзiлiмiне қосу үшiн мемлекеттiк қызметтердiң жаңа түрлерiн анықтау мәнiне мемлекеттiк органдардың функцияларына талдауды тұрақты негiзде жүргiзу;

2017 жылғы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына қоғамдық мониторингтiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру бойынша шара қолдану;

мемқызметтердiң стандарттарында белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы көрсетiлуiне мониторинг;

мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру — 100%;

мүмкiншiлiктерi шектеулi тұлғалар үшiн, олар мемлекеттiк қызмет алуы барысында қажеттi жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймешегi);

көрсетiлетiн қызметтi алушылар арыздарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтiнiш бiлдiруге негiз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйектi шаралар қолдану;

мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн әзiрлеудi және бекiтудi, сонымен қатар мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiне өзгерiстер және (немесе) толдықтырулар енгiзудi қамтамасыз ету;

көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы қолжетiмдi нысанда ақпараттандырылуын қамтамасыз ету (стендтер, БАҚ, брошюралар).

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2017 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Мақалың шыққан күні: 29.02.2016 17:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.04.2018 17:59

Есепке ескертулер мен ұсыныстар